Оралда студент жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

15:24, 9 қараша 2018

Орал полициясы 21 қазанда өте қызық жағдайда жоғалып кеткен 19 жастағы Гүлдана Тұржанованы іздеп жатыр деп жазады sputniknews.kz.

Сол күні кешке қыз бен оның анасы үйде кешкі ас ішкен. Біраз уақыттан кейін әйел ұйықтауға кетеді, ал таңертең қызының үйде жоқ екенін көрген, деп хабарлады "Уральская неделя".

Гүлдананың құжаттары, ақшасы мен рюкзагы үйде қалған.

"Қызым 5 минутқа шығып, жоғалып кеткендей күй кешіп отырмын", — деп мәлімдеді студенттің анасы.

Әйелдің айтуынша, отбасында қашуға себеп болатындай ұрыс-керіс болмаған. Бұған дейін қыз үйден ескертусіз кетіп қалмаған.

Гүлдана Тұржанованың туыстары оның қайда екенін білетін адамдардан + 7 777 569 10 88 нөміріне хабарласуды сұрайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!