Оралда 12 өндірістік кәсіпорынға 237 маман қажет

18:16, 22 қазан 2017

Оралда жастарды жұмыспен қамтуды көздейтін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жыл басынан бері 6-шы мәрте ұйымдастырылған шараға 50 шақты кәсіпорын өкілдері қатысып, 800-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Қазіргі уақытта өңірдегі 12 өндірістік кәсіпорынға 237 маман қажет. Құрылыс кәсіпорындары 22 бос орын ұсынып отыр. Жалпы электр маманы, темір ұстасы, электр-газбен дәнекерлеуші, аспаз және тас қалаушылар еңбек нарығында сұранысқа ие. Жәрмеңке барысында жастар практикасынан өтудің тиімділігі, кәсіпкерлік негіздері, әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарына орналасу жайы түсіндірілді. Бұл жолғы жәрмеңкенің тағы бір мақсаты – бұрын сотталған жастардың жұмыс табуына жағдай туғызу. Жыл басынан бері пробация қызметінің араласуымен осындай 50 шақты адам тұрақты жұмыс тапқан.       

Бейбіт Сәрсенов, Қылмыстық атқару жүйесі қалалық пробация қызметінің инспекторы:

– Ең басты қиындық – сотталғандар, олар «біз сотталғанбыз» деп жұмысқа кіре алмайды. Сол себептен біз әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша көмек көрсетеміз. Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз. Әлеуметтік бағдарлама бойынша біз оларды оқуға жібереміз және медициналық көмек көрсетеміз. 

Аян Сақошев, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

– Қазіргі таңда бізде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ды құрап отыр. Жастарға жұмыспен қамту, өздерінің мамандығына сай жұмыс орналасуға жағдай туығызудың бірден-бір тетігі осы жәрмеңкелер болып табылады. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!