Оралда мектепте балалардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

11:40, 8 қазан 2018

Оралдағы №40 орта мектепте оқушылардың неден уланғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 4 қазан күні болған осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізілген.

Полиция қызметкерлері сол мектепте білім алатын оқушы қыздың бұрышты газ баллоншасын шашқанын анықтады.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын аталмыш мектепте иіс тиген 15 оқушы мен 1 мұғалімнің ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қазір оқушылардың да, мұғалімнің де жағдайы жақсы, сабаққа қатысып жүр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!