Оралда кәсіпкерге жасалған қастандық бойынша күдіктілердің суреті таратылды

14:50, 7 тамыз 2022
167

© Сурет: Zakon.kz

БҚО ПД-нің барлық күштері мен құралдары іздестіру және ұстауғ жұмысына жүмылдырылды, полицейлер қаскөйлердің болуы мүмкін барлық орындарды сүзіп, пысықтап жатыр. Барлық жеке құрамға нұсқаулық таратылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО полиция департаменті белгілі кәсіпкердің өліміне қатысты екі күдіктіні анықтап, жан-жаққа нұсқаулық таратты.

Полицияда күдіктілердің есімдерін де атады: бірі 1991 жылғы Қожантаев Руслан Фархатұлы, екіншісі 2001 жылғы Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлы.

Аталған қылмыс БҚО ПД басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Полиция күдіктілердің ықтимал немесе нақты орналасқан жерін білетіндер болса, 102; (7112) 98-45-30 телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!