Оралда «дрифт» жасаған жолаушылар автобусы видеоға түсіп қалды

16:57, 18 ақпан 2020
274

Желіде пайда болға видео 17 ақпанда Шолохов пен Тюленин көшелерінің қиылысында түсірілген, деп хабарлайды zakon.kz "Мой город" газетіне сілтеме жасап.

18 ақпанда таңертең әлеуметтік желілер мен ват-сап арқылы Шолохов көшесінен құйғытып келіп, Тюленинге бұрылған жолаушылар автобусының видеосы жаппай тарап жатыр. Бұрылған автобус екпінін баса алмай, тіпті жолдың жиегіне шығып, бір жағына қисая, орнына түседі, кәнігі спорт көліктері секілді "дрифт" жасайды.

Видеода автобус маңдайшасындағы маршрут нөмірі барын байқауға болады, бірақ жылдамдықтың қаттылығы сонша оның нөмірі мен ішінде жолаушылар бар-жоғын көру мүмкін емес.

Орал қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары Мүслім Жәрдемов автобуста адамдар болмағанын айтты.

Бұл автобус жеке тұлғаға тиесілі, ол №33 маршрутқа шығуға дайындалып жатқан. Алайда тексеру барысында одан ақаулар табылып, маршрутқа шығуына рұқсат берілмеді. Жүргізуші автобусты ТЖО-ға алып кеткен. Кеше кешкі сағат 5-тен 6-ға қараған шақта жүргізуші оның тежегіштерін тексеріп көрмек болған. Алайда автобус бұрылысқа тақағанда оның тежегіші істемей қалып, осылай бұрылуына тура келген. Оның осы сәті видеоға түсіп қалған, - деп түсіндірді Мүслім Жәрдемов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!