Оралда баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

23:15, 25 мамыр 2022

© Сурет: Zakon.kz

Оқыс оқиға кеше Гагарин мен Жәнібек көшелерінің қиылысында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізуші ақ түсті Toyota көлігінде болған деп болжанады. Ол кәмелетке толмаған баланы қағып, содан кейін зардап шегушіні тұрғылықты жеріне жеткізіп тастап қашып кеткен. Аталған көлікті іздестіру үшін БҚО ПД-ның барлық жеке құрамына бағыт-бағдар берілді, - деп БҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Мой город" порталы жазады.

Бала анасымен бірге медициналық тексеруден өтіп жатқаны айтылады. Жәбірленуші аяғы ауыратындығына шағымданған.

Полиция құқық бұзушылық фактісіне қатысты қолданылатын жаза бала жарақатының ауырлығына байланысты болатынын атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!