Оралда атты полицейлер көлік ұрлаушыны ұстады
Оралда атты полицейлер автокөлікті айдап кеткен ұрыны ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Динара Әбділқалықованың айтуынша, оқиға 14 қаңтар күні сағат 12.00 шамасында Зачаган кентінде болған.
Қызмет бабымен жүрген жол-патрульдік полиция батальоны атты взводының қызметкерлері, полиция аға сержанты Хамит Сейтқалиев пен полиция сержанты Нұрбек Рахымжановқа «Балауса» шағынауданынан жасыл түсті ВАЗ-2106 көлігінің айдап әкетілгені жөнінде хабар түскен.
Сақшылар сол бойда қылмыс болған маңға бет алып, көп ұзамай автокөлік пен одан шыға қашқан ер адамды байқайды. Х.Сейтқалиев пен Н.Рахымжанов бұрын бірнеше рет спирттік ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылған Орал қаласының 1978 жылғы тұрғынын ұстады.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:50, 25 сәуір 2024
Шымкентте есірткіні чипс қаптамасымен тасымалдаған алматылық ұсталды
-
18:27, 25 сәуір 2024
Еркін күрестен соңғы лицензиялық турнирге қай балуандар қатысады
-
18:03, 25 сәуір 2024
Қазақстан мен Қытай депутаттары жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқылады
-
18:03, 25 сәуір 2024
Қытай депутаттары Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады
-
18:03, 25 сәуір 2024
Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайда ресми сапармен жүр