Оралда алтыншы қабаттан секірмек болған әйелге айыппұл салынды

20:36, 28 қазан 2021

© Сурет: pixabay.com

Оралда алтыншы қабаттан секірмекші болған әйел Қазақстанда тіркеуде болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 27 қазанда орын алды.

35 жастағы әйел өзімен бірге тұратын еркекпен ұрысып қалған соң, балконның қоршауына сүйеніп, "секіремін" деп қорқытпақ болады. Алайда тепе-теңдікті сақтай алмай, құлайын деп қалғанда ер адам оны ұстап үлгереді. Екеуінің арасындағы дау қазір шешілді, – дейді "Мой город" порталы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер отбасы жалдамалы пәтерде тіркеусіз тұрғанын анықтаған. Жалға беруші мен жалға алушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы, "Тұрғын үй иесінің нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі" және ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы "Қазақстан Республикасында тіркеусіз тұруы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!