Оралда адам қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

10:32, 23 қазан 2017
537

Орал қаласына қарасты Зашаған елді мекенінде белгісіз біреу 22 қазан күні кешкі сағат 21:00-де жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Ер адам сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Орал қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Мүслім Жәрдемовтің айтуынша, жаяу жүргіншіні жүк көлігі не автобус қағып кеткен.

«Біз қазір жол апаты болған жерде асфальттегі ізді тексеріп жатырмыз. Ізге қарап жаяу жүргіншіні жеңіл көлік емес, жүк көлігі немесе автобус қағып кеткенін байқауға болады», - дейді Мүслім Жәрдемов.

Оқиға орнында полиция қызметі жұмыс істеп жатыр.

Фото: news.liga.net

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!