Оңтүстікте екі ауыр жүк көлігі соқтығысып, үш адам мерт болды

11:25, 21 қыркүйек 2021

© Сурет: облыстық ПД

Түркістан облысында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні таңертең болған.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345 -бабы, 4 -бөлігі, "Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша іс тіркелді.

Шымкент-Самара тас жолының 135-шақырымында Шымкенттен Түркістанға қарай бет алған DAF 460 жүк көлігінің жүргізушісі жолдың шетінде тұрған DAF 105 жүк көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүк көлігі маңында болған үш адам зардап шегіп, оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

DAF 460 автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлады департаменттен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!