Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ жұқтырған 135 балаға ауруы жайында хабарланды

09:43, 22 ақпан 2018

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 135 бала өзінің статусы туралы білген. Бұл жайында облыстық СПИД орталығында өткен баспасөз мәслихатында Ана мен бала орталығының бас дәрігері Бақытжан Шәкенов айтты, деп хабарлайды centralasian.org.

Бақытжан Шакеновтің сөзінше, орталық ВИЧ жұқтырған балалардың статусы туралы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен хабарлайды.

"Баланың мәртебесін 11-12 жаста ашқан дұрыс. Бұл үшін ата-анасы рұқсат беруі керек. 2017 жылы 135 баланың статусы ашылды. Биыл 45 баланың статусын ашуды ойластырып отырмыз. Cтатусы ашылған балалардың өзімен жұмыс істеп жатырмыз. Ата-анасымен тығыз байланыста болып, өмірге бейімделуге көмек беріп келеміз", — дейді Бақытжан Шакенов.

Бас дәрігердің мәліметінше, бүгінде облыстық Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр. Олардың тоғызы 2017 жылы тіркеуге алынған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!