Өңір әкімдерінің көбісі өзін Құдайдай сезінеді - саясаттанушы
"Облыс әкімдерінің көпшілігі - бүгіндері жүргізіліп жатқан реформаны аяқтан шалушы басты тежеуші күш. Олар өздеріне сеніп тапсырылған өңірдің толыққанды қожайыны секілді сезінеді. Бәрінен масқарасы, әкімдер деген "бизнесмендер". Осылай деген саясаттанушы Ерлан Сайыров Facebook-те жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Олардың жұмыс стилін волюнтаризм мен формализм қатты ерекшелеп тұрады. Шешім қабылдауда волюнтаризмге жол берсе, ал жекелеген адамдардың тағдырына қатысты мәселесі шешуде формальдылыққа ерік береді. Негізінде, іс жүзінде жергілікті мәслихаттар, қоғамдық кеңестер әкімдердің қызметін бақылауы тиіс, ал шынтуайтында, бұл арада, өкінішке қарай, бәрі керісінше, олар әкімді бақыламайды, оған бағынады. Бәрінен сорақысы, әкімдер дегеніміз "бизнесмендер". Әрбір облыс орталығынан, жергілікті тұрғындар "бұл әкімнің бизнесі немесе табыс көзі" деп санайтын екі-үш үлкен нысанды байқауға болады. Сондықтан олардың қандай қызмет түріне көп мән беретіні түсініксіз. Меншікті бизнесіне ме әлде мемлекеттік істерге ме?
Әкім мен оның бизнесі - ел азаматтарының барлық деңгейдегі билікке деген сенімін «девальвацияға» ұшырататын басты нәрсе. Биліктің беделіне орны толмас зиян келтіруде олар.
Облыс әкімдерінің барлығының қызметін тексеру қажет. Облыс әкімі, негізінен, еліміздің біртұтастығы мен бірлігінің нышаны болуы керек. Олардың ел алдында беделі мінсіз болуы керекі, сондықтан әкімдердің с-әрекеттері орталық органдар тарапынан да, қоғам тарапынан да ұдайы бақылауда болуы тиіс", - деп жазды ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:50, 29 наурыз 2024
Алматыда патрульдік полицей жанып жатқан көлікті сөндірді
-
10:39, 29 наурыз 2024
Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы басталды - трансляция
-
10:22, 29 наурыз 2024
Алматы полициясы түнде өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің жан түршігерлік жай-жапсарын ашты
-
10:01, 29 наурыз 2024
Мемлекет басшысы Қытайда ірі компанияның басшысымен кездесті
-
09:52, 29 наурыз 2024
Полиция 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады