Өмірзақ Шөкеев биші қызды өзіне кеңесші етіп алыпты

12:33, 13 қыркүйек 2019

Биші Әлия Шалхарова Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кеңесшісі болып тағайындалды, дейді желіде ‎Рустем Ашетаев есімді азамат.

Осыған дейін Әлия Богданқызы Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасын басқарған.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, педогог – хореограф, психология мұғалімі, психолог, экономика және бизнес маманы көрінеді. Кәсібі – хореграф, биші.

Айтарлықтай мемлекет қызмет жолынан өтпеген Шалхарова ханым екі жылдай Ташкент қаласындағы А.Навои атындағы мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі болып жұмыс істеп, кейіннен бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасына қараған "Түркістан Сарайы" мекемесін басқарған.

Енді міне, жаңа облыстың жаңа әкімінің су жаңа кеңесшісі атанып отыр. Хореграф Әлия Шалхарованың Өмірзақ Шөкеевке Түркістан облысы мәдениет саласын дамытуда қандай құнды кеңестер беретіні әзірге белгісіз, дейді пост авторы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!