«Омикрон штамы» Тайландтан да табылды

15:18, 6 желтоқсан 2021

© Сурет: pixnio

Қазір алғашқы науқас ауруханада ем алып жатыр.

Коронавирустың жаңа штамын жұқтырған адам АҚШ азаматы болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС ақпарат агенттігі 35 жастағы АҚШ азаматы Johnson & Johnson вакцинасын маусым айында салдырған. 30 қараша күні Испания арқылы Тай еліне келген.

28 қарашада Испанияда оның ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен. Ол Дубай арқылы ұшқан, тоғыз сағат сонда болған. Қонақүйге жайғасқан соң, тағы тест тапсырғанда, оның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің ауруларды бақылау департаментінің директоры Опас Канкавинпхон.

Коронавирус жұқтырған АҚШ азаматы әуежайда 2, ал қонақүйде шамамен 17 адаммен байланысқа түскен. Қазір ол ауруханада ем алып жатыр.

Инфекцияның «омикрон-штаммы» болу мүмкіндігі 99,92% құрайды. Науқастың жағдайы қалыпты, ауыр белгілері жоқ. Опас Канкавинпхон.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!