Олжас Бектенов ШҚО-дағы отандық фармацевтика өндірісімен танысты
© Сурет: primeminister.kz
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында "TAKURRA" ЖШС медициналық техника және медициналық бұйымдар өндіретін отандық зауыттың әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандық компания – ТМД аумағында жоғары дәлдіктегі автоматты ИХЛ (иммунохемилюминесцентті) анализаторларының жалғыз өндірушісі. Қанды зерттеуге арналған құралдың көмегімен 14 минут ішінде бірден 20 көрсеткіш бойынша нәтиже алуға және 150-ден астам ауруды ерте кезеңінде анықтауға болады. Зауыттың өндірістік қуаты – 360 анализатор мен 1,5 млн реагент жиынтығын құрайды.
Премьер-Министрге «TAKURRA» ЖШС бас директоры Андрей Кайзер компанияның мемлекеттік ауруханалардағы шетелдік анализаторларды отандық анализаторлармен ауыстыруға дайын екені туралы хабарлады.
"Мемлекет басшысы сатып алудағы қазақстандық қамтуды және отандық тауар өндірушілермен офтейк-келісімшарттар үлесін арттыру міндетін қойды. Біз импортты алмастыруға ұмтыламыз. Денсаулық сақтау министрлігіне отандық анализаторлар үлесін біртіндеп арттыру бойынша талдау жүргізіп, мәселені зерделеуді тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет басшысына қазіргі модульдік автоматтандырылған ПТР-сынақ жүйесін іске қосу және отандық өндірістегі медициналық бұйымдарды шығару жоспарлары туралы да баяндалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:26, 13 қаңтар 2025
Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Тунисте өтетін WTT Youth Contender турниріне қатысады
-
23:14, 13 қаңтар 2025
Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының Пәкістанға қарсы ойынға қатысатын спортшылары белгілі болды
-
22:52, 13 қаңтар 2025
Ақтауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды
-
22:46, 13 қаңтар 2025
Өзгенің телефонын пайдаланып, 300 мың теңге айыппұлын төлеп алған оралдықтың қылмысы әшкере болды
-
22:35, 13 қаңтар 2025
Петропавлда жаңадан салынған бөгет жарамсыз болып қалды