Ол мені сыртымнан көріп ұнатып жүрген: Жұлдыз Қайратпен қалай танысқанын айтып берді

17:19, 17 қазан 2018
485

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратпен қалай танысқанын, он өзіне қалай ғашық еткенін айтып берді. Бұл туралы Жұлдыз “The эфир” жобасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Қайрат екеуміз колледжде бірге оқыдық. Мен одан бір курс жоғары оқыдым. Бір жас үлкенмін. Ол 1-курсқа түскен жылы мен 2-кур оқыдым. Мені сыртымнан көріп жүріпті. Бірақ сөйлесуге бата алмаған. Ол кезде шашым ұзын, бұйра болатын. Қаланың қызы бірден көзіне түскен ғой. Оқу орнында үлкен студенттер балмұздақтарға әлімжеттік көрсететін жүйе бар ғой. Бір күн жоғары курстағы жігіттер Қайратқа тиісіп тұр екен. Мен қасынан өтіп бара жатып, бетінен шымшып өттім. “Қандай тәп-тәттісің” дедім. Ол кезде маған да ұнайтын Қайрат. Осыдан соң маған қырындай бастады”, – дейді Жұлдыз.

Айтуынша екеуі біраз уақыт қыз жігіт болып кездескен. Қайрат анасымен таныстырып, алғашқы бейнебаянына түсірген. Кейіннен үйленуге сөз салған.

“Студент кезде өз ақшасы жоқ болса да, маған тәтті нәреселер алып беріп жүрді. Мені қорғауға тырысты. Ақшасы көп адам секілді көрінгісі келетін. сол қылығымен мені баурап алды. Кейін оны өзім іздейтін болдым. Мені о бастан анасына ұқсатты. Егер үйленсек, сен отбасына қарайсың. Өнерді қоясың деді. Мен бәріне келістім”, – дейді Жұлдыз.

Сұхбат барысында Жұлдыз отбасында бес ағайынды екенін, екі әпкесі мен ағасы, інісі бар екенін айтты. Әкесі Қаныш Сәтбаев атындағы техникалық университетте сабақ беретінін сөз етті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!