Оқушыларды бұрын қылмыстық жауапқа тартылған адамдар тасымалдағаны анықталды

10:58, 4 шілде 2022

© Сурет: Zakon.kz

Білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметін ұсыну сапасы мен қауіпсіздігін талдау аясында көптеген бұзушылық анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен, қажетті жүргізу санаты және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруы жоқ жүргізушілердің балаларды тасымалдау фактілері тіркелді.

Бұден бөлек, жекелеген өңірлерде оқушыларды тасымалдауға бұрын қылмыстық жауапқа тартылған әрі балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдар жіберілген.

Кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер медициналық куәландырудан өтпеген. Жалпы, автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштердің, қауіпсіздік белдіктерінің, жарқылдауық маяктардың, «Балаларды тасымалдау» тақтайшаларының болмауы және т.б.) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп танылды.ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қадағалаушы орган 28 сәуірде Бас прокуратура Білім және ғылым министрлігінің атына прокурорлық қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін 93 адам (оның ішінде мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, әкімдіктер қызметкерлері) тәртіптік жауаптылыққа тартылғанын мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!