Оқушылар онлайн режимде сабақ оқымайтын болды

19:51, 3 сәуір 2020

ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов елдегі интернеттің білім беруге қолайсыздығы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Біздің еліміздегі интернет 2,5 миллион баланың эфирге шығып, қашықтықтан оқуына бейімделмегенін көріп отырмыз. Сондықтан біз сабақ онлайн режимінде немесе стриминг арқылы өткізілмейді деп шештік. Біз негізінен басқа механизмдерге сүйенеміз. Бұл - мессенджерлер, электрондық пошта, арнайы бағдарламалар, - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ ол мұғалімдердің жауапкершілігі туралы да айтты.

Төтенше жағдай кезінде мұғалімдерден ешқандай есептілік алынбайды. Біз бюрократиядан арылуымыз керек, - деп сөзін түйіндеді министр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!