Оқушы зорланған мектепте директор мен мұғалім жұмыстан қуылды

Таразда оқушы зорланғаннан кейін мектептің директоры, оның орынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтер жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Facebook-те Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан жазды. Ол ҚР "Білім туралы" Заңының 45-ші бабына сәйкес, білім беру ұйымының басшысы оқу процесі кезінде студенттердің, оқушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына жауап береді деп жазды.
- Осыған байланысты мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика мұғалімі және вахтер жергілікті білім саласындағы уәкілетті органның шешімімен қызметінен босатылды, - деді Мұхамеджан.
Жамбыл облысының білім басқармасына жәбірленушіге психологиялық көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды. Ол енді сабақты үйінен оқитын болды.
Жаға ұстатарлық бұл оқиға туралы күні кеше белгілі болды – жетінші сынып оқушысы сабақ кезінде, мектептің дәретханасында зорланған. Күдікті бақылау камераларына түсіп қалған.
Ол ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Источник: zakon.kz
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 7 желтоқсан 2019
Жамбыл облысында жастар арасындағы жұмыссыздық төмендеді
-
21:14, 6 желтоқсан 2019
Қос шендінің туған інісі ұсталғаны туралы хабар тарады
-
17:50, 6 желтоқсан 2019
Алматыда 128 мыңнан аса оқушы қазақ тілінде білім алып жатыр
-
17:47, 6 желтоқсан 2019
Жамбыл облысы шағын несие беруде алдыңғы қатарда
-
17:31, 6 желтоқсан 2019
Нұр-Сұлтанда Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Пікір