Оқу жылы басталғалы 250 оқушы коронавирус жұқтырып алды

16:54, 21 қазан 2020
298

Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында КВИ-дің 250 жағдайы тіркелді, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, деп хабарлайды zakon.kz.

"Кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 105 жағдай тіркелді, 1426 адам байланыста болған, олардың 19-нан ауру анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді, 348 адам байланыста болған, 22-нен ауру анықталды", - деді А. Ғиният.

Өңірлерде, әсіресе ШҚО-да науқас көп тіркелген – 69 адам немесе республика бойынша жалпы жағдайдың 31%, СҚО - 30, Қарағандыда – 26, Қостанай облыстарында - 17 жағдай.

"Карантин кезінде жұмыс істеп тұрған мектептердің арасында талаптарды орындамаған оқу орындары бар.Мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім басқармалары басшыларының және мектеп директорларының қатысуымен кеңестер өткізілді, онда мониторинг барысында анықталған барлық факті талқыланды", - деді вице-министр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!