Оқшауланған «Сұңқар» тұрғын үй кешенінде не болып жатыр - фоторепортаж

16:54, 19 наурыз 2020
464

19 наурызға қараған түні Алматыда Зенков көшесінде орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешені қоршауға алынды. Әкімдік бұл шара инфекция ошағын оқшаулау үшін қабылданғанын айтты, өйткені бұл үйде коронавирус жұқтырған адам тұрады. Онда не болып жатқанын zakon.kz тілшісі біліп-қайтты.

"Сұңқар" ТК - үш подъезі бар 14 қабатты бір үй. Жалғыз ол емес, төрт бұрыш болып тұрған оған жапсарлас үйлер де қоршауға алынған.

Тексеру пунктінің қызметкерлері сайт тілшісіне егер біреу мұнда кірсе, ол жақтан қайта шыға алмайтынын түсіндірді.

Сырттан осы тұрғын үй кешені алдындағы балалар ойын алаңында балалардың ойнап жүргенін байқадық.

Тапсырыс берілген тағамды жеткізген курьерді де көрдік.

Айтпақшы, алматылықтардың көбісі бұл үйге қатысты мәліметтен хабарсыз, көбісі жақындап келіп: "Не болған, не болып жатыр" деп сұрап жатыр.

Біз "Сұңқар" тұрғын үй кешенінде тұратын бір тұрғынмен байланысқа шыға алдық. Оның айтуынша, қазір барлық тұрғындар карантинде, үйден 15 күнге шығуға тыйым салынады.

Коронавирустық инфекция табылған тұрғын оқшауланған. Оның жағдайы қанағаттанарлық сияқты. Сондай-ақ, көрші үйлердің барлығына карантин қойылған. Біздің ауланы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет аралап жүріп, бір нәрселерді шашты, - деді Ахан.

Тұрғын үй ауласының төрт бұрышына да күзет бекеттері қойылған. Шығатын барлық бағыт жабық.

Ұлттық ұлан мен полиция қызметкерлері бірге тұр. Кіруге және шығуға рұқсат етілмейді. Осы көшедегілерге арналған төменде жалғыз бір дүкен бар. Кішкентай, бірақ тапшылық сезілмейді. Мен өзім үйде отырып жұмыс істеймін, көп далаға шықпаймын, сондықтан көп нәрсені егжей-тегжейлі білмеймін», - деді оқшауланған тұрғын үй кешенінің тұрғыны.

Ол көршілерінің біразы да пәтерінен шықпайтынын, тіпті кіреберіс пен аулалардан көптен бос екенін айтады.

Кімді ауруханаға жатқызғанын Ахан білмейді. Оларға оның қай подъезде тұрғаны айтылмаған.

Ол үйдің оқшауланғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан, телеграммадағы хабардан білгенін айтады. Ал подъездің кіреберіс есігінде карантин режимі не екенін және бұл режим бұзылса не болатынын түсіндіретін парақша ілініпті.

Көбісі мына бір сәйкестікке назар аударған. Бұл тұрғын үй кешенінің төменгі қабатында "Кішкентай Италия" деп аталатын аяқ-киім шеберханасы бар екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!