ОҚО-да жыл басынан бері 9 адам суға кеткен

17:27, 19 маусым 2018
359

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, суға батып мерт болғандар саны бойынша аймақ көш бастап тұр деп жазады Хабар 24 арнасы.

Мәселен, өткен жылғы шомылу маусымында Оңтүстік Қазақстан облысында 28 адам суға кетіп қайтыс болған. Оқыс оқиғалардың көпшілігі Сарыағаш пен Отырар аудандарында тіркелген.

Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың дені азаматтардың өздерінің салғарттығы мен қауіпсіздік шараларын сақтамауынан болады. Көпшілігі шомылуға тыйым салынған, қауіпсіздік шаралары сақталмаған орындарда суға түседі. Сонымен қатар демалыс орындарында ішімдікті шамадан тыс пайдалудың да соңы қайғылы жағдаймен аяқталады.

Сондықтан құтқарушылар суға түсу маусымы аяқталғанша қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Талғат Досалиев, облыстық ТЖД ескерту бөлімінің басшысы: - БАҚ өкілдерін пайдалана отырып, облыс тұрғындарына айтарымыз: біріншіден, балаларды қараусыз қалдырмау, тұрғын үйлер жанындағы каналдар мен арықтарға балаларды жібермеу, белгіленбеген орындарда суға шомылмау, тұрғын үй аулаларындағы құдықтар, хауыздар сияқты су көздерінің бетін ашық қалдырмауды сұраймыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!