ОҚО-да жөлек кенеге қарсы алдын алу жұмыстары басталды

17:24, 15 наурыз 2018
409

Облыстық бюджеттен жөлек кенеге қарсы алдын алу жұмыстарына 391 млн. теңге бөлінді. Күн жылынған уақыттан бастап мал қоралар, буферлік аймақтар дәріленетін болады. Одан бөлек ірі қара мен ұсақ малдар дәріленбек, деп жазады otyrar.kz.

Екі қайтара дәрілеуден яғни, көктемі және күзгі науқан кезінде 10 миллилон бас мал дәрілеуден өтеді. Кенеге қарсы өңдеу жыл сайын жүргізілсе де аса қауіпті кене шағу оқиғалары азаймай келеді.

Бүгінде кенеден жұғатын инфекциялардың таралу себептері, қорғану әдістері, алдын алу және емделу туралы түрлі насихат жұмыстары үзбей жүргізілуде. Кенелердің барлығы жұқпалар мен вирустарды тарата алмайды, жұқпаның тасымалдаушылары болып табылатын түрлі кенелер бар – бұл жөлек кене.

Сондықтан да қауіпті жәндіктердің көбейіп, қауіп төндірмеуі үшін алдын алу жұмыстарына қыруар қаржы бөлініп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!