«ӨКМ Операторының» экс-құрылтайшысына іздеу жарияланды

12:54, 30 маусым 2022

Қазақстан. 30 маусым. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шнар Мұхтароваға іздеу жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қылмыстық іс аясында «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна 2017-2018 жылдары өзіне дивиденд түрінде заңсыз төленген қайта өңдеу төлемінен 920 млн теңге қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Шнар Мұқтароваға іздеу жарияланып, сот оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

«Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: call-орталық 1424, +7 (7172) 909 260», — делінген хабарламада.

Ақпаратты ұсынғаны үшін 4 мың АЕК (1 АЕК — 3 180 теңге) дейін сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, сәуірде Антикор «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директорын ұстағаны хабарланған болатын. Ол істен шыққан көліктерді қайта өңдеуге жұмсалған шығынды көбейту нәтижесінде алған 13 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!