«ӨКМ Оператор» ЖШС-нің басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің мүрдесі табылды

14:12, 26 қаңтар 2022

© Сурет: Zakon.kz

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамның мүрдесінің табылу фактісі бойынша «Есіл» аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Руслан Шәмшиев 2021 жылдан бастап "ӨКМ Оператор" компаниясында құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарды.

Бұрын Шәмшиев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында, көлік прокуратурасында, сондай-ақ кеден органдарында жұмыс істеген.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 105-бабында жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге итермелегені үшін үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!