Өкілеттіктерді қайта бөлу ел дамуындағы жаңа кезең болады

21:57, 20 қаңтар 2017

Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу ел дамуындағы жаңа кезең болады.

Алматы облыстық сотының кеңейтілген мәжілісіне қатысқан Жоғарғы Сот төрағасы осылай деді. 

Қайрат Мәмидің айтуынша, жоспарланып отырған шараның барлығы мемлекетіміздің құқықтық жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. 

Жоғарғы сот төрағасы Қазақстан үшін президенттік билік институтының маңызы ерекше екендігіне тоқталды. 

«Бұндай басқару формасы егемендік жылдары өзінің тиімділігін көрсетті», – деді. Соңында Қайрат Мәми осы жұмыстарды үйлестіру үшін құрылған жұмыс тобының мүшесі ретінде жиналғандарды қолға алынған шаралардан құлағдар етті. 

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы  

-Өкілеттіктерді қайта бөлуді заңдық жағынан қамтамасыз ету үшін алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан бұл іске белсенді түрде қатысу қажет деп есептеймін. Жұмыс тобы үшін әрбір ұсыныс қызықты әрі маңызды болмақ.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!