Ойын алаңынан қызды ертіп әкеткен ер адамның арам пиғылы жүзеге аспай қалды

16:55, 3 тамыз 2020

Ер адам есік алдында ойнап жүрген екі қыздың бірін ертіп әкетпек болды. Ол тұрғын үй кешенінің бейне бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл оқиғаға қатысты дәлел видео Немолчи қорының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Бұл жайт Орал қаласындағы Зачаганск ықшам ауданында болғаны хабарланады.

Видеода бір ер адамның есік алдында ойнап жүрген екі қыздың жанына келіп, не айтқаны белгісіз, біреуін ертіп әкетіп бара жатады. Жүрісінен асығыстық білінеді. Сол кезде келесі подъезден көршілері шығып, ана ер адамға жақындап келіп, сөйлей бастайды, ақырында күдікті әрі күмәнді адамға бірі қол жұмсайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!