Облыс әкімі желіде жеке нөмірін жариялады

00:17, 16 қазан 2021
296

© Сурет: pixabay.com

БҚО әкімі Ғали Есқалиев жемқорлықпен күрестің өзіндік тәсілін қолға алды. Ол желідегі парақшасына телефонының жеке нөмірін жариялап, өңір халқынан өзіне жемқорлар жайлы мәлімет жолдауды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, заңсыз және оңай ақша алған жемқор адам тауардың бағасы туралы ойланбай оны оңай жұмсай береді. Бұл нарықтағы инфляцияға әкеліп соғады. Яғни, жемқорлықты бағаның өсуінің бір себебі ретінде қарастыруға болады.

"Жақында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй салып жатқан кәсіпкерден қала әкімдігінің қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Құрылыс материалдары мен қызмет көрсету жұмыстарына баға өсіп жатқан жағдайда, біз адал жұмыс істейтін құрылыс компанияларымен бірге құрылыс нысандарын уақытында және сапалы аяқтау үшін қосымша қаражат іздеудеміз. Осындай жұмыстар атқарылып жатқанда мұндай жағдайлар тіркеліп отырса, қатаң шара қолдануды қажет етеді", деп жазды әкім Facebook-те.

Сондай-ақ әкім мемлекеттік жобалармен жұмыс істеп жүрген азаматтарға ескерту жасады.

"Заңсыз ұсыныстарға беріліп, бопсалауға түспеңіз. Мен ешкімге заңсыз нұсқау бермеймін және оны орынбасарларым мен әкімдерден талап етемін. Егер мұндай фактілер болса, менің жеке WhatsApp нөміріме +77017776037 "Сыбайлас жемқорлық" деп белгілеп хабарлауды өтінемін. Мен тергеу барысын және кінәлі тұлғалардың заң бойынша жауап бергенін қадағалайтын боламын!", делінген әкім жазбасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!