НЗМ Алматыдағы оқушының суицидіне түсініктеме берді

12:56, 28 қазан 2021

© Сурет: pixabay.com

Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушының суицидіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілігі 28 қазанда оқушымен сабақтан тыс уақытта болған жазатайым оқиға фактісін растайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты жария ете алмайды және түсініктеме бере алмайды, деді Алматы НЗМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін сегізінші сынып оқушысы Алматыдағы биік үйдің 11-ші қабатының терезесінен секіріп кеткені белгілі болды. Қайғылы оқиға әлеуметтік желілерден белгілі болды.

Аталған факті Бостандық аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК 105-бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелген. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары іс жүргізу барысында анықталатын болады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!