Нью-Йоркте өнер көрсеткен Димашты Димаш іздеп барып, екеуі шұрқырасып көрісті

10:43, 12 желтоқсан 2019

10 желтоқсанда Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке концертімен өнер көрсетті. Жерлесінің концертіне Нью-Йорктің ең үздік полицейі атанған Димаш Ниязов та келіп тамашалап, оған қоса бауырын бауырына басып суретке түсіп те алыпты, деп хабарлайды zakon.kz.

"@ kudaibergenov.dimash бауырым, АҚШ-тағы алғашқы концертіңмен құттықтаймын! Жарайсың!" - деп Инстаграмдағы парашасына жазған Димаш Ниязовпен екеуінің бірге түскен суреті мен видеосын да жүктеп қойыпты.

Видеода сахна сыртындағы бөлмесіне кіріп келген таныс жүзді көргенде Димаш Құдайберген орнынан ұшып тұрып: "Еууу, братан" деп оны бас салды. Димаш Ниязов да көптен көрмеген бауырын бауырына басып, мәз-мәйрам.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!