Нығматулин: Отан қорғаушылар күні - ерлік пен отансүйгіштіктің символы

12:38, 7 мамыр 2021
342

© Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин барша қазақстандықтарды ерлік пен батырлықтың және отансүйгіштіктің символына айналған Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Cоғыс ардагерлерін, Қазақстан әскері қатарында қызмет атқарып жүрген азаматтардыелімізде ерекше құрметпен аталып өтетін7 мамыр мерекесімен құттықтаймын. Бүкіл Қазақстанның, әрбір отбасының, әрбір адамның қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау жолында күндіз-түні аянбай еңбек еткен ардагерлерге алғыс білдіре отырып, әскери бөлімшелерде лайықты қызмет атқарып жүрген ержүрек те жігерлі сарбаздарға абыройлы, табысты қызмет тілеймін, - деді Мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулин қай дәуірде, қай заманда болмасын Отанды қорғау қасиетті борыш екенін алға тартып, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған жылдардан бастап, әрдайым еліміздің қарулы күштеріне ерекше назар аударып, оның нығаюы мен дамуына мән беретінін айтты.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин осы жолда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Елбасының әскери салаға деген оң бағытын жалғастырып, Қазақстанның қарулы күштері әрқашанда тәуелсіздіктің, қоғамдағы татулық пен келісімнің мызғымас тірегі болатынына сенім білдіргеніне тоқталды.

Мәжіліс төрағасы барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт және амандық тіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір