Нығматулин: Қазақстандық жүргізушілер жүргізуші куәлігін көрсетуге міндетті болмайды

2 желтоқсанда Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырыс өтіп, бірқатар заң жобалары мақұлданды. Атап айтқанда, депуттардың бастамасымен әзірленген жол жүрісі мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәжіліс nөрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, заң жобасында жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы құжатты жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделді.
Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, қазіргі ақпараттық технологиялар кеңінен дамыған цирфлық кезеңде жүргізушілерден тиісті құжаттарды талап ету, ол – қажетсіз. Себебі, полиция жүргізуші мен оның көлік құралы туралы барлық қажетті ақпаратты жеке куәлік негізінде электрондық мәліметтер қорынан таба алады.
Айта кету керек, түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:43, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты өзгертілді
-
21:33, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда сауда-ойын сауық орталықтары қалай жұмыс істейді
-
17:51, 15 қаңтар 2021
ШҚО-дағы шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды
-
17:08, 15 қаңтар 2021
Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры тағайындалды
-
17:04, 15 қаңтар 2021
Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты пікір білдірді
Пікір