Нығматулин: Депутаттар Білім туралы заң жобасына бастамашы болды

15:43, 25 қыркүйек 2020

25 қыркүйекте Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген Білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасын қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжат білім беру қызметін ұсынуды бақылауды қоса алғанда, оқу үдерісін жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы жобасын қарау ұсынылады. Осының қатарында Мемлекеттік шекара туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!