Нұртөре Жүсіп кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды

12:31, 4 наурыз 2021
475

© Сурет: видеодан кадр

Сенатор Нұртөре Жүсіп еліміздің кітапханалары мен мұрағаттарындағы бірқатар мәселелерді атап өтіп, осы саладағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеруді сұрады. ол Сенат отырысында еліміздің Премьер-Министріне осындай депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылғы 1 қаңтардан республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл басқарушы және негізгі персоналдарға ғана қатысты. Ал қосалқы персонал, инженерлер, программистер мен кітапханалардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін мамандар жалақысы көтерілмей қалған. Аймақтардағы кітапханашылар айлығы бұдан да төмен, - деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеріп қана қоймай, еліміздің архив материалдарын сақтау үшін нысандар салу керек деп санайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!