Нұртас Адамбай халықтың сценариi бойынша фильм түсiрмек

10:33, 23 сәуір 2018
608

Қазақстанның танымал режиссерi, актер Нұртас Адамбай сценаристер арасында кастинг жариялады. Конкурс жеңiмпазының сценариi бойынша толықметражды фильм түсiрiлмек, деп хабарлайды Baq.kz.

Үздiк халық сценарисi Nurtas Production киностудиясына жұмысқа тұрып, ал оның сценариi бойынша толықметражды фильм түсiрiледi. Конкурс бiрнеше кезеңнен тұрады. Оған қатысу үшiн фильм сценариiн қысқартылған мазмұны мен идеясын жасап, комиссия мүшелерiн қызықтыруға тырысу қажет.

«Конкурсқа Қазақстан мен ТМД елдерiнiң кез келген қаласынан кәмелеттiк жасқа толған азаматтар қатыса алады», - дедi Instagram парағында режиссер.

Келесi кезеңге өткен қатысушылар тiзiмi Нұртас Адамбайдың әлеуметтiк желiсiнде жарияланады. Екiншi кезең шарттары қорытынды шыққан соң белгiлi болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!