Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен KADEX көрмесі жұмысын бастады
Елорданың халықаралық әуежайының әскери секторы аумағында V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өз жұмысын бастады. Көрменің ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі 26 мамырға дейін жалғасады. Көрмеге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысады.
Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерін ұсынады. Бұл көрме 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасында өзара оңтайлы байланысты орнату мен дамытуға қолайлы жағдай жасауға, қорғаныс күштерін технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері жөнінде тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналды.
Биыл көрмеде 10 павильон жұмыс істейді, олардың ішінен: Түркия, Қытай және Ресейдің 3 жеке павильоны, қазақстандық «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазтехнология» АҚ кәсіпорындарының павильондары, одан бөлек космонавтика саласының жетекші үлгілері ұсынылатын ғарыш қызметіне арналған павильон алғаш рет қойылып отыр.
Көрме аясында «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы, «Cyber and Digital Security» және «Advanced Def Tech» конференциялары өтеді. Аталған шаралар барысында әлемнің түрлі елдерінен келген мамандар мен сарапшылар қорғаныс өнеркәсібі, әскери-техникалық ынытмақтастық, ғарыш қызметі мен ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды мәселелері төңірегінде пікір алмасып, заманауи кезеңдегі киберқорғаныс жөніндегі сауалдарды талқылайды.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/nursultan-nazarbaevtyn-katysuymen-kadex-kormesi-zhumysyn-bastady_a3261792
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:52, 25 сәуір 2024
Жамбылдық депутат нанның бағасын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынды
-
14:24, 25 сәуір 2024
Бірқатар қазақстандықтар Тоқаевтан орден мен медаль алды
-
13:58, 25 сәуір 2024
Қырғызстан ауылдарында сел жүрді
-
13:33, 25 сәуір 2024
Қазақстанда ТЖМ техникалық базасы жаңартылады
-
13:20, 25 сәуір 2024
Президент су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіруге қатаң мерзім қойды