Нұрсұлтан Назарбаев КИМЭП университетінің басшысымен кездесті
Мемлекет басшысы "КИМЭП университеті" акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа КИМЭП университетінің қазіргі жұмысы және осы оқу орнын дамыту жоспарының іске асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Қазақстан Президенті қазіргі заман экономикасының талаптарына сай білікті мамандар дайындау ісіндегі университет жұмысының тиімділігін атап өтті.
- Университет 1992 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде 12 мыңға жуық студент оқуын бітіріп шықты. Бүгінде мұнда әлемнің әртүрлі елдерінен келген оқытушы-профессорлар құрамы еңбек етеді. 29 білім бағдарламасы бойынша 2109 студент ақылы негізде оқып жатыр, - деді Елбасы.
Ч.Бэнг университет түлектерінің 93 пайызы оқу бітірген соң 6 айдың ішінде жұмысқа орналасатынын айтты. Сонымен қатар, "КИМЭП университеті" акционерлік қоғамының президенті биыл оқу орны Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің тұжырымы бойынша ғылым және білім саласын дамыту ісінде үздік деп танылғанын атап өтті.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:38, 25 сәуір 2024
Алматыда автобус толығымен жанып кетті
-
15:28, 25 сәуір 2024
Қазақстанда инвесторлар үшін жаңа салық пайда болуы мүмкін
-
15:15, 25 сәуір 2024
Есірткіге мас болған ұшқыш туралы Air Astana анықтама берді
-
14:52, 25 сәуір 2024
Жамбылдық депутат нанның бағасын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынды
-
14:24, 25 сәуір 2024
Бірқатар қазақстандықтар Тоқаевтан орден мен медаль алды