Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында рейстер тоқтатылуда

12:29, 27 ақпан 2020
84

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 8 рейс кейінге қалдырылып, 2 рейс орындалмайтын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

4 рейс басқа қаладан әуе кемелерінің кешігіп келетініне байланысты кейінге қалдырылуда:

- "Air Astana" әуе компаниясының Омбы және Алматыдан 2 рейсі;

- "SCAT" әуе компаниясының 1 рейсі (Мәскеу);

- "Qazaq Air" әуе компаниясының Қостанайдан 1 рейсі;

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 рейс кешіктірілуде:

- "Air Astana" әуе компаниясының Омбыға 1 рейсі;

- "Qazaq Air" әуе компаниясының Қостанайға 1 рейсі;

- "SCAT" әуе компаниясының Улан-Батор мен Мәскеуге 2 рейсі.

LOT Polish әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Варшава бағытындағы 2 рейсі орындалмайтын болды.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының өзі штаттық режимде жұмыс істеуде.


Источник: zakon.kz

Пікір