Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО-дағы бір жоғары лауазымға тағайындалады – БАҚ

09:36, 18 сәуір 2019
166

29 мамырда өтетін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) саммитінде Нұрсұлтан Назарбаевты осы одақтың құрметті төрағасы етіп тағайындауы мүмкін, деп жазады "КоммерсантЪ".

ЕАЭО құру идесын көтерген Назарбаев, сосын бұл идея өзге де посткеңестік елдер тарапынан қолдау тапқан.

29 мамырда Нұр-Сұлтанда Еуразиялық экономикалық одақ Жоғары кеңесінің отырысы өтеді. Оған одаққа қатысушы-мемлекеттердің (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения) президенттері қатысады. Сол күні одақтың құрылуына бес жыл толуы атап өтіліп, нәтижелер мен қорытындылар талқыланады.

Басылым ақпаратынша, шарада басты назарда Қазақстанның қазіргі президенті емес, 19 мамырда отставкаға кеткен бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев болады. Назарбаев ЕАЭО-ның құрметті төрағасы болып тағайындалады деп күтілуде.

Қазір одақта ондай лауазым жоқ, сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақ өкілеттіктерінің аясы әлі анықталған жоқ. Белгілісі, ол басқаны айтпағанда ЕАЭО-ның сыртқы ойыншылар алдындағы өкілі болады.

- Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграция үшін көп нәрсе жасады, әлі де талай еңбек сіңіретін қабілеті бар. Сол себепті осындай идея туындап отыр, – деді басылыммен сөйлескен ЕАЭО өкілдерінің бірі.

Тағы бір дереккөз Назарбаевтың беделі ЕАЭО-ны халықаралық аренада таныту үшін керек болады деп қосты. Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО-ны құрудағы ерекше рөлі туралы бұған дейін талай рет айтылған, енді оның одақ "негізін қалаушы" деген бейресми мәртебесі ресми түрде бекітілмек.


Источник: zakon.kz


Пікір