«Нұрлы таудағы» қайғылы оқиға: Куәгерлер көргенін айтып берді

09:55, 6 желтоқсан 2019

Алматыдағы ірі бизнес орталығында 48 жастағы азамат жоғарғы қабаттан секіріп өлді. Полицияның мәліметінше, ол 12-ші қабаттағы терезеден төменге құлаған. Жігіттің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өмірімен қош айтысқан жігіт өзі секірген бизнес орталығында жұмыс істемейді. Ол қаланың элиталық ауданындағы ғимаратқа бас сұғып, бірден 12 қабатқа көтерілген көрінеді.

Марқұмның далада жатқанын алғаш болып сол маңдағы сұлулық салонының қызметкерлері көрген. Олар бірден полиция мен жедел жәрдем қызметін шақыртыпты. Бірақ биіктен оңбай құлаған жігіт дәрігерлер жеткенше жан тапсырған.

Қазір тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізуде. Алматының тумасын суицидке не итермелегені осы тергеу барысында анықталуы тиіс.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!