«Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан». Жағымпаздар маршына лайық ән шықты

11:01, 20 қараша 2019
429

Желіде "Нұрлы сұлтан – Нұрсұлтан" атты әннің мәтіні жарияланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ән мәтінінің" толық нұсқасы zharar.com сайтында тұр, дейді zanmedia.kz.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суретімен.

Аяқ жағында "Сөзі: Болат Кенішбаев. Әні: А.Ж.Есмұханов. Орындаған: С.Салмакеев. Астана – 3.12.2012 жыл" деген анықтамасы да бар екен.

Толық нұсқасы мынау:

"Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған,
Халқы патша сайлаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Қазақ елін басқарған,
Шекарасын салдырған,
Дербестікке бастаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Қайырмасы:
Бүкіл әлем таң қалған,
Парасатты, данышпан,
Мойындаған бар ғалам,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Жасты еңбекке баулыған,
Ақсақалын сыйлаған,
Салт-дәстүрді сақтаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Дін мен ұлтты жинаған,
Мәмілеге шақырған,
Бейбіт күнге жол салған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Қайырмасы

Ұрпақтарға балдырған,
Біліміңмен бағалан,
Өсиетін қалдырған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!