Нұрлан Нығматулин zakon.kz порталының негізін қалаушы Сергей Киселевті қабылдады

16:15, 6 желтоқсан 2019

Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Сергей Киселевті және zakon.kz редакция ұжымын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

- Ұжым бұл мерекелік күнге миллиондаған аудиториямен, жеке және ерекше жұмыс стилімен келіп жетті. Бұл - сапалы жұмыстың нәтижесі, бұл сапа белгісі және сөзсіз жетістіктің дәлелі. Әрине, zakon.kz сайтының елеулі болуы - бұл отандық журналистика дәстүрін жаңашылдықпен үйлестіре алатын талантты мамандардың, шығармашылық кәсіби ұжымының және өз ісіне адал адамдардың еңбегі, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сергей Киселев өз кезегінде Нұрлан Нығматулинге алғысын білдіріп, Мәжіліс депутаттарына заң шығару қызметінде сәттілік тіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!