Нұрлан Нығматулин Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты көңіл білдірді

20:45, 25 қаңтар 2020

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы ұлттық мәжіліс төрағасы Мұстафа Шентопқа елдің шығысында орын алған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өзімнің және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан Түркияда болған табиғат апат салдарынан қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын", - деп атап өткен Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қайтыс болғандардың туысқандары мен жақындарына да көңіл білдіре отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!