Нұрлан Нығматулин мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жіберілетін қателіктер туралы айтты

11:33, 18 сәуір 2018
251

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Kazakh Invest Ұлттық компаниясының басшылығын шетелден өкілдіктер ашуын және бұған дейін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жіберілген қателіктерді қайталамауды сұрады. 

Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында Kazakh Invest басшысы Сапарбек Тұяқбаев шетелден инвестицияларды тарту бағытында Қытай, Түркия, Франция, Германия мен АҚШ-та бес өкілдік жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Енді алдағы уақытта компания тағы Нью-Йорк пен Лондонда, БАӘ-де тағы үш өкілдік ашпақ. Дәл осыған келгенде Нұрлан Нығматулин бұл шешімге қатысты ой-пікірін білдірді.

Кезінде «Самұрық-Қазына» ондаған өкілдіктерін қысқартқан еді. Енді басқа амалмен келе жатырмыз. Кез келген тапсырма, бастама немесе мемлекеттік бағдарлама бастала қалса, АҚ құра кетеміз. Содан кейін бастықтарды, орынбасарлары мен шетелдік кеңесшілерді қаптатамыз. Өтінемін, осыған келгенде ерекше назар аударыңыз», – деді Нұрлан Нығматулин.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!