Нұрлан Әлімжан Әйгерім Қалаубаевамен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

15:15, 9 қазан 2018

“Нұрланмен тек қана шығармашылық байланыстамыз”. Әйкерім Қалаубаева әріптесімен үнемі жұптастырып қоятын жұртқа дәл осылай деп жауап берген еді. Соған қарамастан, халық қос өнер иесінің арасында жақын байланыс бар деп ойлайды. Көптің сұрағына Нұрлан Әлімжан “Түнгі студия” бағдарламасында жауап берді, деп жазады Stan.kz.

“Әйгерім аяқ басып жүріп жатыр, мен де солай. Екеуміздің арамызда достық махаббат. Әйгерім 16 жаста болғанда, мен 17 жаста болғанмын. Сол кезде рухани дос, тілеулес болатынбыз. Әйгерімнің досы деген көп өзі. Ол – менің досым, кейде сынаушым. – Нұрлан, ана клипіңде былай істеу керек еді, киімің дұрыс болмапты, – деп айтып отырады. Мен қыз бен жігіттің арасында достық болмайды деп ойлайтынмын, сөйтсем болады екен”, - дейді Нұрлан Әлімжан.

Ал тележүргізуші, актер Қайрат Әділгерей әріптесінің сөзіне аса сенбеген сыңайлы. Оның айтуына қарағанда, ер азаматтың әсіресе, сұлу әйелмен дос болуы қиын.

“Мен де Әйгеріммен доспын. Рухани дос болғым келеді. Бірақ еркектігім басым болып кетеді”, – дейді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!