«Нұр Жолы» бекетінде 7 мың жүк көлігі 3 айдан бері қаңтарылып тұр

11:23, 27 қараша 2020

3 айдан бері шекарадан өте алмай тұрмыз! Жүк көлігінің жүргізушілері осындай шағымдарын жеткізді. Азаматтардың айтуынша, Алматы облысындағы бір ғана "Нұр Жолы" бекетінде 7 мың жүк көлігі қаңтарылып тұр. Олар пандемия салдарынан Қытайға тауарға шыға алмай отыр екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Өткізу бекетінде еріксіз аялдап тұрған жүргізушілердің бүгінде ақшасы таусылып, жанар-жағармайлары мен ішер астары да біткен.

Мәселен, мына видеода қайда барарын білмей сергелдеңге түскен жүргізушілерді көруге болады. Ашынған жұрт ешбір тараптан тиісті көмектің жоқтығына наразы. Ал, кезек электронды форматқа ауысқалы бері жағдай тіптен қиындаған. Себебі, амалын тауып шекара асқандарды елге бірінші кезекте еш кедергісіз кіргізіп жатқан көрінеді.

Бәрі Қытайдан прицеп қаптап кеткен. Бәрі сол жақтан келген. Анау шеттен бастап, мынаның бәрі Қытайдың прицептері. Скоро Қазақстанның прицептеріне орын қалмайды ау.

Жарты жылдан астам уақыт үйдің бетін көрмей, шекарада кезек күтіп тұрған Бақытжан Мұхамеджанов есімді көлік жүргізушісі қазір студиямен байланысқа шықты. Бақытжан қайырлы кеш! Сіздер қай уақыттан бері өткізу бекетінде тұрсыздар? Күніне қанша жүк көлігінен өткізіп жатыр?

Бақытжан Мұхамеджанов, жүк көлігінің жүргізушісі:

Мына жерде 6 ай болды Қытайға кіру очередь қиындап кетті. Живой очередь деді, одан кейін электронный очередь деді. 3 айдан бері Қытайға кіре алмай тұрмыз. Грузовой машиналардың суықта майы қатып, соляркасы қатып, халық қиналып, ақшалары таусылып көрмегенді көріп жатыр. Анда шағым айттық, мұнда шағым айттық жағдай түзелмеді.

Ал, жүк көліктерінің шекарадағы өткізу бекеттерінде не үшін қаңтарылып тұрғанын білмек болып Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сұрау салғанымызда, олар өткізу бекеттерінде жағдай қалыпты, ешқандай жүк көлігі кезек күтіп тұрған жоқ деп қысқа қайырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!