Нұр-Сұлтанның «Алматы» ауданына жаңа әкім тағайындалды

13:24, 19 мамыр 2020

Бектенбай Есполов Нұр-Сұлтанның "Алматы" ауданына әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент әкімшілігінің келісімімен және қалалық мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Есполов Бектенбай Тілектесұлы "Алматы" ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ол бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастырушылық бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 10 жылдан асады.

37 жастағы Бектенбай Есполов меритократия қағидаларына сай ҚР Президенті Кеңсесінің сарапшысы қызметінен бастап ҚР Президенті Протоколының шефі орынбасары лауазымына дейінгі жолды жүріп өткен тәжірибелі маман.

Меритократия – басшылық қызметке тамыр-таныстығы, шыққан жері, руы мен қаржылық жағдайы бар адамдар емес, кәдімді іске шебер, қабілетті, дарынды адамдар алынатын, еркін бәсекені көздейтін еуропалық басқару жүйесі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!