Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

14:35, 28 қаңтар 2020
444

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық жол жабылды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Қорғалжын, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды мен Рождественский бағытындағы барлық жолдар жабылғанын хабарлайды.

- Елордалық полиция қызметі күшейтілген режімінде жұмыс қызметін жалғастырып атқарып жатыр. Қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек көрсету үшін жеке құрам толығымен қызметке кіріскен. Полиция қызметкерлері тұрғындарды жолға шығу жоспарын кейінге қалдырып, жолдың ашық немесе жабық екенін алдын ала қадағалап отыруға шақырады, делінген хабарламада

Алдында хабарланғандай, қолға алынған шаралардың нәтижесінде екі күннің ішінде 64 адам құтқарылған. Оның үшеуі – аяғы ауыр әйелдер. Түні бойы құқық қорғаушылар жолда қар құрсауында қалған көліктерді шығарумен болды. Мәселен, солтүстік айналма жолда Петропавлға бара жатқан жолаушылар автобусы қарға батып қалған. Онда Ресейге жол жүріп бара жатқан 53 жолаушы Өзбекстан Республикасының азаматтары болған. Полиция автопатрулінің көмегімен батып қалған автобус қардан шығарылып, жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!