Нұр-Сұлтанға ПТР-тесттен толық борт болып өткен ұшақ қонды

16:12, 27 қазан 2020
232

27 қазанда Нұр-Сұлтан әуежайына Түркиядан келген ұшақ қонды. Бортта барлығы 138 жолаушы болған, дәрігерлер алғаш рет барлық жолаушылар ПТР тесттен өткені туралы анықтамалармен келгенін атап өтті. Айта кетейік, карантиндік стационарға ешкім жатқызылмаған, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

"Пандемия біздің санамызды өзгертіп жатыр. Бұған дейін елге келген азаматтардың тек 70% -ында ғана қажетті анықтама болған, қалғандарын біз карантиндік стационарға орналастырған едік. Күніне бұл кем дегенде 150 және одан да көп адам болуы мүмкін. Бұл жолы жағдай басқаша, өйткені коронавирус инфекциясына ПТР тест өту анықтамасы болмаса, оларды тіпті бортқа жібермес еді. Өйткені, 26 қазаннан бастап елге халықаралық рейстермен келген барлық жолаушылар, соның ішінде ҚР азаматтарында КВИ-ға ПТР-тесттен өткендігі туралы анықтама болуы тиіс. Мұның бәрі бірінші кезекте біздің денсаулығымыз үшін және тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалады. Тек бірлесіп қана біз пандемияны жеңе аламыз", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қазаннан бастап шетелден ұшатын қазақстандықтар коронавирусқа ПТР-тестінен өтпесе, ұшақ бортына жіберілмейді. Дәл осындай талап шетелдіктерге де қойылады.

Айта кетсек, өткен тәулікте 6 халықаралық рейс қабылданды: (БАӘ-ден 2, Түркиядан 1, Белоруссиядан 1, Германиядан 1, Египеттен 1).

http://astana.gov.kz/kz/news/news/24989


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!