Нұр-Сұлтанда жын ұрғандай жүретін таксистің Lada-сын полиция тартып алды

09:27, 12 маусым 2019
332

Нұр-Сұлтанда полицейлердің заңды талабына бағынбаған такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz астаналық полиция департаментіне сілтеме жасап.

9 маусымда Бөгенбай батыр даңғылының бойында Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі патруль полициясына бағынбай, жабылған жолмен үлкен жылдамдықпен өтіп кетті.

Көп ұзамай көлік иесі анықталып, ұсталды. 28 жастағы жігіт әкімшілік кодекстің 443 бабы 1 б. бойынша жауапкершілікке тартылды. Анықталғандай, бұл жігіт бұдан бұрын да жол ережелерін жиі бұзып, айыппұлдар арқалаған екен.

Оның Lada-сы айып тұрағына қамалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!